Сенбі күні тұтанған өрт Хромтау ауданының Никельтау ауылдық округінің 120 гектар дала аумағын шарпыған. Сонымен қатар ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, қызыл жалын 2,5 гектар орманды алқапты да қамтыған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Тілсіз жау сол күні араға шамамен 6 сағатқа жуық уақытты салып барып ауыздықталған. Төтенше жағдайдың алдын алуға ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 6 маманы мен 2 техникасы, сондай-ақ аталған ауылдық округтің тұрғындарынан жасақталған ерікті өрт сөндірушілердің күшімен сөндірілді.