Ақтөбе облысында «Сабақ» акциясының қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 500-ден астам жасөспірім жеткізілді

АҚТӨБЕ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Сабақ» операциясының қорытындысы бойынша қазанның 12-26-сы аралығында Ақтөбе облысының ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 550 жасөспірім әкелінді,

олардың 235-і-  әкімшілік  құқықбұзушылықтар  үшін жеткізілген,  деп    хабарлады  облыстық  ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен. 

Акция  барысында  сондай-ақ,   сабаққа бармай  жүрген 67  бала анықталды,  оның  ішінде 49-ы -  қаңғыбас  балалар.

Кәмелетке  толмағандардың істері  жөніндегі  инспекторлар     бес  күн бойы      сабақтарға   қатысып,     сабақтан    қашып жүрген    жасөспірімдерді анықтады.

Операция  барысында сондай-ақ, ішімдік ішкен 95     жасөспірім     анықталды.    Оған қоса, білім ошақтарына  жақын   жерден   алкогольдік ішімдіктер  сатудың  5 факті тіркелді.   Ал ойын-сауық   орындарына жасалған рейд барысында   ересектерсіз  жүрген  23 жасөспірім  анықталып,  айып салынды.    Ішкі істер  органдарында  есепте тұратын 1122 жасөспірімді  инспекторлар үйлеріне  барып тексерді.