ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, кеше, шілденің 29-ы 15 сағат 35 минутта Самара-Шымкент автожолының бойында орналасқан Бөгетсай кентінде, 300 тең шөп тиелген КамАЗ автокөлігі жанды. Өрт салдарынан көліктің 41 жастағы жүргізушісі түрлі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Жалын Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 3 адамы мен 1 техниканың күшімен 2 сағаттан кейін сөндірілді.