Өрт Қаракөл кентіндегі жекеменшік тұрғын үйден шықты. Тіліз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің 1 техникасы және 3 маманы жұмылдырылды. Өрт 2 сағаттан соң ауыздықталды. Оқиға салдарынан үш адам - 60 жастағы ер адам және 2 және 4 жастағы екі бала қаза тапты.
Жалын шарпыған аудан және өрттің шығу себебі мен залал көлемі анықталуда.