Ақтөбе облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, 1 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 мамырда Қобда кентіндегі Самара-Шымкент автожолында Nissan Almera автокөлігі Shacman жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан алынған кадр

Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, жүк көлігі аударылды. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.