Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биыл мұнда автомобиль жолдары саласында 41 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың екеуі - жолдарды салу, үшеуі – жолдарды қайта жаңарту, төртеуі – жолдарды күрделі жөндеу, 33-і – жолдарды орташа жөндеу жобалары.
Айта кету керек, Ақтөбе облысында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 56,5 % құрайды. Жыл соңында аталмыш көрсеткіш 59% дейін ұлғайтылып, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын болады.
Еске салайық, өңірдегі жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайды. Олардың 1,2 шақырымы - облыстық, 3,7 шақырымы – аудандық жолдар.
Бұдан бөлек, аймақта республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу жобалары жүзеге асырылуда.
Тиісті жұмыстар мен жолдардың 296 шақырымы қамтылатын болады.