Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының саны азайып келеді

None
АҚТӨБЕ.  Қазанның  27-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ -    Ақтөбе  облысында      өткен  9 айдың  қорытындысы  бойынша  жол-көлік  оқиғаларының саны    төмендеп  отыр,  бірақ та    қаза болғандардың  көбею фактісі  тіркелген.

Облыстық  ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,   жыл басынан бері  өңірде  248 жол-көлік оқиғасы тіркелген,  оларда 74 адам  қаза тауып, 278  адам жараланған.    Өткен жылдың сәйкес кезеңінде   облыс  жолдарында 248   жол-көлік оқиғасы  болып,  70  адам көз жұмып,  325 адам жараланған еді.

«Мас жүргізушілердің кінәсінен  13 оқиға орын  алды,  олардың салдарынан  8 адам мерт болып, 13  адам жарақат  алды.   Балалардың  қатысуымен    52  жол-көлік оқиғасы   тіркеліп   отыр,    олардың барысында 10  бала    қаза тауып,   47 бала жарақат  алған»,   дейді       Ақтөбе  облыстық   ішкі істер  департаментінің    аға инспекторы Нина  Зиновьева.

Ақтөбелік полицейлер   жыл басынан бері  жол қозғалысы  ережелерін бұзудың  81 мыңнан  астам  фактісін  анықтады,  4 410  жүргізуші   көлік жүргізу  құқықтарынан  айрылды,   600-дей   жүргізуші   жол   қозғалысы  ережелерін бұзғандары  үшін  10 тәулікке  дейін  әкімшілік    қамауға    жабылды.