Ақтөбе облысында жүк пойызымен соқтығысу салдарынан «Hunday» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше сағат 13.50-де Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Темір стансасы теміржол торабының 46 разъезінде тауар пойызы мен «Hunday» көлігі соқтығысты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Көліктердің соқтығысуы салдарынан 58 жастағы жүргізуші мен 54 жастағы жолаушы оқиға орнында жантәсілім етті. «Маңғышлақ-Алматы» бағыты бойынша №377 жолаушылар пойызы 30 минутқа кешігіп келді. Төтенше жағдай орын алған жерге ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД 2 адамы мен 1 техникасы шықты.