Ақтөбе облысының әкімі Ақтөбе қаласындағы бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты
16:09, 02 Шілде 2012
АҚТӨБЕ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қаладағы салынып жатқан бірқатар нысандарға барды.
«Нұр Ақтөбе» атты жаңа шағынауданда ол тұрғын бағдарламасының іске асырылу барысымен танысып өтті. Одан кейін облыс әкімі биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен Мясоедов және Озерная көшелерінде болды. Әкім сондай-ақ балалар стоматологиясы ауданындағы Абай даңғылында орналасқан саябақтың абаттандырылуы бойынша басталып кеткен жұмыстармен танысты.
№ 11 мектепте А.Мұхамбетов «Көркейе бер, туған жер»» акциясының іске асырылуымен және кәсіпкерлердің қатысуымен мектепті материалдық-техникалық жағынан жабдықтауды шешу барысымен танысып өтті.
Сапар барысында облыс әкімі нысандарға барудың қорытындыларын шығарып, жұмыстардың жоғары қарқындылықтарын атап өтті, қала басшылығы алдында жаңа міндеттер қойды.