Ақтөбе-Орал пойызында қазақстандық азамат жеті килә контрабандалық қара уылдырықпен ұсталды

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Ақтөбе-Орал пойызында Қазақстан азаматы жеті килә контрабандалық қара уылдырықпен ұсталды,

 деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

ҚР ҰҚК ақпараты бойынша бейсенбі күні «Шыңғырлау» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары Ақтөбе-Орал бағытындағы пойызда контрабандалық жүк - жалпы салмағы 7 килә болатын қара уылдырық тасыған қазақстандықты ұстады.

Осы фактінің мән-жайы анықталуда.