Ақтөбе полицейлері ақбөкендерді заңсыз атумен айналысқан браконьерлерді ұстады

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әйтеке би АІІБ қызметкерлері аудан орталығынан 130 шақырым жердегі Басқұдық ауылының маңындағы жазық даладан тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінген «Урал» маркалы мотоцикл мінген 25-35 жас аралығындағы екі жергілікті тұрғынды тоқтатты.

Олар заңсыз аңшылықпен айналысатын болып шықты. Тексеру барысында олардан заттай айғақтар (12-ші калибрлі аңшылық қару, ақбөкен еті және екі жұп бөкен мүйізі) тәркіленді.

«Заңсыз аңшылық фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктілер дәлелді айғақ берді. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінен.