Ақтөбе полицейлері кәсіби мерекелерін тойлады
13:21, 22 Маусым 2010
АҚТӨБЕ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара болып өтті.
Облыстық ІІД бастығы Патрис Нокин өз сөзінде облыс әкімдігіне полиция қызметкерлерінің материалдық-техникалық жабдықталу мәселесін шешуде тұрақты қолдау көрсетіп отырғандығы үшін алғысын айтты.
Одан кейін үздік қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтың бұйрығымен 25 полиция қызметкері әртүрлі наградаларға ие болды.
Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен 771 полиция қызметкері, оның ішіне 30 адам Құрмет грамотасымен, 92 адам алғыс хаттарымен, 25 қызметкер «ІІМ үздік қызметі үшін» белгісімен, 488 құқық қорғаушы ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.