«Бұл кәсіпорынды индустрияландыру бағдарламасы аясында «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы жеке инвесторлармен бірге салды. Зауыт ұзындығы 120 метр рельс, сонымен бірге орта пішінді илек бұрыштықтар, швеллерлер және арқалықтар шығарады. Жылына 430 тонна өнім өндіру көзделіп отыр»,- делінген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Кәспорында жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар қолданылады. Ақтөбе рельсті арқалық зауытының өнімдеріне шетелдіктер қазірдің өзінде қызығушылық білдіріп отыр. Орталық Азия аймағы нарығына бағытталған бірнеше келісімге қол қойылған. Грузия, Иран, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Ауғанстан, Литва және Қытай нарығына шығару көзделіп отыр.