Ақтөбе шекарашылары құны миллион теңге болатын контрабандалық жүкті тәркіледі

None
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет авто» бекетінің бақылаушылары жалпы құны миллион теңге болатын контрабандалық жүкті анықтады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, салмағы 3000 литрдей болатын «Кристалл» арағын «Фотон» машинасына тиеп алған 27 жастағы қазақстандық азамат көршілес Ресей еліне заңсыз өтуге талпыныс жасады.

Тексере келгенде ол азаматтың алкогольді өнімдерді алып жүруге қажетті рұқсат қағаздары болмай шықты.

Аталған дерек бойынша Ақтөбе қаласының қаржы полициясы хабарландырылды, тергеу амалдары жүргізілуде.