Ақтөбе облыстық соты 9 айдың қорытындысын шығарды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш тоқсанда 1 158 қылмыстық іс қаралып, 930 іс бойынша үкім шықты. Ал облыстың тергеу судьялары 3 616 өтінішті қараған. Үйқамақты санкциялау және өзге де бұлтартпау шарасы кезінде 252 адамға электронды білезік тағылды.
— 9 айда 14 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, яғни былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда іс саны 3,5% көбейген. Сонымен бірге облыс соттары 24 мыңға жуық азаматтық істі де қарады. 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда іс саны 6 458-ге артық. Талап қою өндірісінде істің 43% жуығы татуласумен аяқталды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, биыл Ақтөбеде отбасын құрғандар азайып, ажырасқандар көбейді. Сегіз айда 3 211 неке тіркелді. Ал 1 498 жұп ажырасуға шешім қабылдаған.