Ақтөбе университетінің жатақханасында өрт шықты

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жатақханасы өрт құшағына оранып, 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

5 қабатты жатақхана ғимаратының бөлмелерінің бірінен шыққан қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты қамтыған. «Өртті ауыздықтау барысында 5 адам құтқарылып, 40-ы қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деп нақтылай түскен хабарламада.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД-нің жеке құрамындағы 17 маман мен 3 техника жұмылдырылды.