«Ақтөбе» мен «Ордабасының» еурокубок ойындарындағы қарсыласы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының еурокубок ойындарының алғашқы іріктеу сатысындағы қарсыласы анықталды.
Еуропа лигасында сынға түсетін ақтөбелік клуб бірінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легия» (Варшава) клубына қарсы ойнайды. Ойындар 10 және 17 шілдеге жоспарланған.
Ал шымкенттік «Ордабасы» Конференция лигасы бірінші кезеңінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубымен ойнайды.
Аталған турнирде елордалық «Астана» жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Аталған кезеңнің жеребесі 18 маусым күні тартылады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайтын алматылық «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды. Олар Словенияның «Олимпия» клубымен 8-9 шілде және 15-16 шілде күндері келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.