Ақтөбе және Жамбыл облыстарында екі жол апатында 4 адам қаза тапты, олардың екеуі - жасөспірімдер

None
АСТАНА. Желтоқсанның  30-ы.  ҚазАқпарат - Ақтөбе  және  Жамбыл облыстарында    екі  жол апатында  4 адам қаза тапты,  олардың  екеуі -  жасөспірімдер, 

деп хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Атап айтқанда, желтоқсанның 29-ы  күні «Ақтөбе-Орск»  тас жолының 7-ші шақырымында    11 және  15 жасар  екі жасөспірімді    көлік    қағып  кетті.  Төтенше жағдайлар   ведомствосының  ақпараты  бойынша,   оларды  «Мицубиси» көлігін  мінген 43 жастағы ер азамат  қаққан.

 Сондай-ақ,  кеше  «Қырғызстанға  апаратын   батыс  жолдың»  24-ші  шақырымында  Жамбыл  облысының Сарымолдаев   ауылының    тұсында       «Опель»  және «ВАЗ»    көліктері соқтығысып   қалды.      Жол апатының салдарынан    «ВАЗ» көлігінің   жүргізушісі  мен   жолаушысы   оқиға   орнында     көз  жұмып,  «Опельдің» екі  жолаушысы ауруханаға  түсті.