деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, желтоқсанның 29-ы күні «Ақтөбе-Орск» тас жолының 7-ші шақырымында 11 және 15 жасар екі жасөспірімді көлік қағып кетті. Төтенше жағдайлар ведомствосының ақпараты бойынша, оларды «Мицубиси» көлігін мінген 43 жастағы ер азамат қаққан.
Сондай-ақ, кеше «Қырғызстанға апаратын батыс жолдың» 24-ші шақырымында Жамбыл облысының Сарымолдаев ауылының тұсында «Опель» және «ВАЗ» көліктері соқтығысып қалды. Жол апатының салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, «Опельдің» екі жолаушысы ауруханаға түсті.