Ақтөбеда тоңазытылған қозы еті өндірісі іске қосылды

АҚТӨБЕ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Қалалық әкімдікте инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, олардың арасында Қазақстан мен ТМД елдерінде бұрын болмаған бірегей жоба – «Еділбай-Элит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тоңазытылған қозы еті өндірісі де бар,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала әкімі Архимед Мұхамбетов төрағалық ететін қалалық комиссия кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету және Ақтөбеде басымдықты жобаларды іске асыру үшін құрылған.Комиссияда ауыл шаруашылығы, ет өнімдерін өңдеу, базарлар, көкөніс қоймаларын, жылыжай кешендерін салу салаларындағы 12 инвестициялық жоба қаралды. Атап айтқанда, қалалық билік пен кәсіпкерлердің күшімен қалай-солай салынған еске базарларды жойып, жаңа базарлар салу жұмыстары жалғастырылмақ. Биыл Ақтөбенің оңтүстік-батысында «Табыс-Қала» ЖШС көтерме азық-түлік коммуналдық базарын салу жоспарлануда, оның құны 400 млн. теңге болады, ал 41-ші разъезде «Батыс» ӘКК мен «Фриком» ЖШС-нің көтерме азық-түлік базары мен көкөніс қоймасы құрылысының екінші кезеңі аяқталып келеді.«Еділбай-Элит» ЖШС нарыққа бірегей өнімдерін шығарғалы отыр, Благодарное ауылдық округінде серіктестіктің тоңазытылған қозы етін өндіретін ет өңдеу кешені ашылмақ. Кәсіпорын құрылтайшысы Серғазы Есембаевтың айтуынша, мұндай жеңсік тағам Австралия мен Жаңа Зеландияда өндіріледі екен. Жобаның құны ? 1 035 млн. теңге, ол республикалық бюджет пен банк несиесі есебінен қаржыландырылмақ. Тоңазытылған қозы етін өндіру жөніндегі халықаралық талаптарға мұндай өнімге майлылығы жоғары жергілікті еділбай қойлары жарамды деп саналады.