Ақтөбеде 120-дан астам шетелдік азаматты заңсыз тіркеген тұрғын сотталды
09:40, 29 Наурыз 2025
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.
ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңды белден басып, көші-қонмен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.
— Тергеу барысында 120-дан астам шетелдік азаматты жалған жұмысқа орналасу мен тұрғылықты жерлеріне тіркеу арқылы заңнаманы айналып өтіп, ел аумағында заңдастырылуына мүмкіндік берген схема анықталды, — делінген хабарламада.
2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қаласы сотының шешімімен ұйымдастырушы Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұруға заңсыз алған рұқсаттарының күші жойылды.