Ақтөбеде 15 ұрлық оқиғасына күдікті нашақор ұсталды

None
АҚТӨБЕ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 15 көлік тонау оқиғасына күдікті  ұсталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласы ІІБ криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-тексеру шараларының барысында «Астана» сауда үйінің аумағында 34 жастағы ер адам заттық айғақпен қолға түсті. Ол тұрақта тұрған көліктердің ішінен магнитофондарды ұрлаумен айналысқан.

Алдын ала жасалған болжам бойынша келтірілген шығын шамамен 250-300 мың теңгені құрап отыр.

Ол ұрланған заттарды сауда нүктелерінде төмен бағаға сатып жіберген. Оның сөзіне қарағанда, түскен ақшаға есірткі сатып алып отырған.

ҚР ҚК-нің 175 бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған заттар алынды.