Ақтөбеде 20 мың доллар беріп, жұмысынан айырылған шенеунікке қатысты шу шықты

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған Алмат Ермағамбетов қыздарын оқуға түсіріп, жұмысқа орналастыруға ақша бергені үшін жұмыстан қуылған болатын. Сот оны қайта жұмысқа орналасу туралы арызын қанағаттандырмады. Бірер айдан соң ол жаңа қызметке тағайындалып, даудың ортасында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Алмат Ермағамбетовтің айналасындағы даудан соң жұмыстан шығарылды .  Бұған дейін хабарлағанымыздай, №2 Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, Алмат Ермағамбетов осы істе жәбірленуші тарап болып қатысты. Ол 20 мың доллар беріп, қыздарын оқуға түсіруге көмек беремін деген Ботагөз Биекеноваға алданып қалған .  



Сот үкімімен алаяқ әйел 3 жыл 3 айға абақтыға қамалған болатын .  Ал Алмат Ермағамбетов қоғамдық шудың ортасында қалғаны үшін мемлекеттік қызметінен кетті. Кейін ол Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Ақтөбе медицина орталығы мекемесіне жұмысқа орналасқан болатын. Кейін тағы шу шықты.

«А. Ермағамбетов осы жылдың 24 шілдесінен бастап «Ақтөбе медицина орталығы» МКК кеңес беру-диагностика бөлімі директорының орынбасары міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Оның міндетіне менеджмент сұрақтарын әзірлеу мен инвестициялық жағдайды жақсарту жұмыстары кіруі қажет болатын. Берілген арызға сәйкес Алмат Ермағамбетов атқарып отырған қызметінен босатылды»,- деп хабарлады Ақтөбе-ақпарат орталығы.