Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне қалдырып, сол күйі жоғалған әйел іздестіріліп жатыр
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 20:00 шамасында тұрғын хабарласып, белгісіз әйелдің баласын өздеріне сеніп тастап кеткеніне 9 сағатқа жуықтағанын айтқан. Қаладағы Нариманов көшесінен түскен арыз бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары қазір баланың ата-анасыз іздеп жатыр.
«Баласын бірнеше минутқа қалдырып, дүкенге барып келем деп, кейін оралмаған. Аталған мекенжайға ювеналды полиция қызметкерлері жіберіліп, бала «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Бала шамамен 3-4 жаста, өзін Аңсар деп таныстырды. Егер баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 немесе 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.