Ақтөбеге тұрған кенттерінің келешегі жоқ деп танылған облыстағы жеті ауданнан 233 ауыл тұрғыны көшті. 71 отбасы жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты жағдайда облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолынан алды.
Белгілі болғандай, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының қатысушыларына берілетін мемлекеттік қолдау көшуге субсидияларды бөлу, қызметтік баспананы ұсыну, кәсіби оқыту курстарынан өту және жұмысқа тұрғызуды қарастырады.