Бес баланың анасымен қауышу оқиғасы: Отбасы баспаналы болды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Жүйке ауруына шалдықты деп емделген Жұлдыз Тлеуф пен оның 5 баласы жаңа пәтерге қоныстанды. Бұл туралы үйдің тұңғышы Құралай Есболатова өз парақшасында хабарлады.
Ақтөбе қаласының тұрғыны Құралай Есболатова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Оның айтуынша, қоғамдық қор атынан пәтер берілді.
— Тосын сый болды. Көптен күткен күніміз. Керемет күннің, керемет өмірдің бастауы болып жатыр. Қазақ еліне алғыс айтамын. Бізді қолдап, осындай күнге жеткізді, — деді отбасының тұңғышы Құралай Есболатова.
Еске салсақ, Есболовтар отбасындағы 5 бала анасына араша сұрады. Олардың анасы Жұлдыз Тлеуф өзінің жүйке ауруына шалдықпағанын растау үшін Алматыдағы емдеу орталығында тексерілді.
Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы дәл қазіргі кезде дені сау деп анықтама берді.
Әкімдікте өткен жиында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қала әкіміне бес баланы баспанамен қамтуды тапсырды.
Кейін баспасөз қызметі бұл отбасы әкімдік ұсынған баспанадан бас тарқанын хабарлады.