Ақтөбеде әскери парад өтті

None
ҚТӨБЕ. Мамырды 9-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде.

Таңертеңнен бері «Мәңгілік алау» мемориалына, Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш кешеніне және басқа да ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып жатыр. Ал облыстық әкімдіктің алдындағы алаңда Ақтөбе гарнизоны әскерінің «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» атты шеруі өтті.

Алаңға ардагерлер, тыл майданына қатысушылар, ақтөбе жұртшылығы жиналды. Ақтөбе гарнизонының басшысы Оразбек Әлмұхамбетов әскери бөлімдердің жеке құрамдарымен амандасып болғаннан кейін облыс әкімі Елеусін Сағындықовқа рапорт берді.

Салтанатты парадты ардагерлер мінген автомашиналар бастады.

Жеңісті жақындатуға қомақты үлес қосқандардың қатарында ақтөбелік жауынгерлер де бар. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін 35 ақтөбелік жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанса, тоғыз ақтөбелік Даңқ орденінің толық иегерлері атанған. Ақтөбе облысынан майданған 122 423 адам шақырылған, олардың 39 605-і - соғыстан қайтпай қалған. Өкінішке орай, бүгінде облыста небәрі 550 ардагердің ғана көзі тірі.