Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы үшінші күн тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық ахуал қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, сенбі күні атмосфералық ауаның ластануы тек бір ғана қалада – Ақтөбеде күтіледі.

Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай норма шегінде болады.

Айта кетейік, Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы үшінші күн қатарынан тіркеліп отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.