АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласындағы автобазарда орналасқан көлікке техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді. Ішінде екі көлік жанып кетті.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, хабарлама сағат 14:33-те түсті. Өрт сағат 15:04-те сөндірілді. Өрттің ауданы - 120 шаршы метр.
- Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында газ баллоны жарылмады, өрт таралмады. Өрт салдарынан екі жеңіл автокөлік жанып кетті. Сонымен бірге екі автокөлік оттың қызуынан зақымданған. Адамдар дін аман. Қазір өрттің тұтану себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Петропавлда «Жастар» стадионы өртенді. Бұл нысан 6 жыл бұрын 45 млн теңгеге салынған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.