Ақтөбеде әйелдер арасындағы суицид азайды
Ақтөбелік полицейлер әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстарынқортындылады. Жыл басынан бері әйелдерге қатысты 2 мыңнан астам қылмыстық ісқозғалған.
«Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың 18,8% мүліктік сипатқаие. Саралай келе жұмыс істемейтін ер адамдар ішімдік ішіп, отбасында жиі жанжалұйымдастыратыны анықталды. Тұрақты жұмысы жоқ адамдар да осы санатқа қосылған.Учаскелік полиция инспекторлары тұрмыс барысындағы құқықбұзушылықтарды тіркеп,1200-ге жуық тұрғынды әкімшілік жауапқа тартты. Тағы бір айта кетерлігі, биылбірінші жартыжылдықта әйелдер арасындағы суицид фактісі 50,8% төмендеген», -деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң талаптарын жүзегеасыру мақсатында және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жергілікті полицияқызметі басқармасының жоспарына сай жыл басынан бері «Тұрмыс», «Жайлау» және «Халықаралықотбасы күні» аясында алдын алу іс-шаралары өткізілді. Әйелдердізорлық-зомбылықтан қорғау, олардың құқықтарының сақталуы, құқықбұзушылықтардыңалдын алу мақсатында Халықтық кеңсе ғимаратында, дағдарыс орталықтары менАқтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы денсаулық сақтау саласыныңқызметкерлерімен әйел азаматтарға қабылдау өткізіліп, оларға кеңестер берілді.