Ақтөбеде балабақшалардан 70 млн. теңгеден астам ақшаны ұрлаған бас есепшіге қатысты сот үкімі шықты

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе қаласының № 2 соты екі балабақшаның бас есепшісі Д.К.Бұхарбаеваға қатысты 71 140 121 теңге көлеміндегі аса ірі соманы ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарастырды.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланғандай, Д.Бұхарбаева оған сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі өзгенің мүлкін меншіктеу, жұмсау және ұрлау, көрінеу жалған ақпаратты енгізу және есепшілік құжаттаманы оны сақтау мерзіміне дейін жойғаны үшін айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі түзеу колониясында 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен бірге, 5 жыл мерзіміне дейін есепші қызметіне тұру құқығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша жәбірленген тарап - «Ақтөбе қалалық білім бөлімі» ММ-нің азаматтық шағымы қанағаттандырылып, айыпталушыдан тағылған айып көлеміндегі ақшалай заттар - 71 140 121 теңге алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар