Ақтөбеде білім беру ұйымдарын жөндеуге 5 млрд теңдеген астам қаржы жұмсалады
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Күрделі жөндеу 19 білім беру ұйымына жүргізіледі. Оны жөндеуге облыстық бюджеттен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді.
Ақтөбеде 2025-2026 оқу жылдарына дайындық жүріп жатыр. Барлығы 19 білім беру ұйымының 11-і мектеп, 5-і балабақша, 2-еуі колледж және бір қосымша білім беру ұйымы. Бүгінде жұмыстың 70% астамы аяқталды.
- Реновация бағдарламасы бойынша 7 білім беру ұйымына жөндеу жүргізіліп жатыр. Олардың үшеуі Ақтөбе қаласынан, қалғандары Хромтау мен Мұғалжар аудандарында. Бағдарламаға сәйкес мектептердің материалдық-техникалық базасы толық қайта жаңарады. Асхана мен спорт залы, пәндік кабинеттері түгел қайта жабдықталады, - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.
Сонымен бірге Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі мен №4 Ембі мектебіне жөндеу жүргізіледі. Қаржы шілде айында бөлініп, қазір мердігер анықтау жұмысы жүріп жатыр.
- Жаңа оқу жылында балалардың білім алуына еш кедергі болмайтындай жағдай жасалады. Сонымен бірге барлық білім беру ұйымында жөндеу жүріп жатыр. Былтыр жылу жүйесі сыр берген, қатты жел кезінде шатыры ұшып кеткен проблемалық нысандар болды. Сондай 8 білім беру ұйымына жөндеу жүргізу үшін бюджеттен қосымша 1,2 млрд теңге бөлінді, - деді Бұлбұл Күзембаева.
Жалпы облыста бюджеттік ұйымдар үшін жылыту маусымына 22,4 мың тонна көмір, 1270 тонна дизель отыны алынады.
Еске салсақ, Ақтөбеде әуежайдың ұшу-қону жолағындағы плиталар ауыстырылады. Барлығы 1200 плита жаңарады.