Ақтөбеде боранға байланысты шұғыл желі іске қосылды
15:30, 07 Ақпан 2024
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбеде уақтылы көмек көрсету үшін шұғыл желі іске қосылды.
Ауа райына байланысты Ақтөбеде шұғыл штаб құрылып, тұрғындарға байланыс нөмірі таратылды.
- Ауа райының күрт нашарлауына байланысты тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылып, шұғыл желі іске қосылды. Байланыс нөмірі: 8 7132 54 85 24, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» РМК АОФ хабарлауынша, 8-9 ақпан күндері аймақта жел күшейіп, боран соғып тұр. 8 ақпан күні облыстың басым бөлігінде қар, қар аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жердерде 23-28 м/с жетті. Ал 9 ақпан күні желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, ал солтүстік бөлігінде 25 м/с болады деп күтіліп отыр.