Ақтөбеде бойжеткен көлігімен қағып кеткен жүргінші қаза тапты
Ақтөбедегі жол-көлік оқиғасы кешкілік болған. Қала тұрғындары әдеттегідей саябаққа жиналып, тынығатын кезде жоғары жылдамдықта жүйткіген көлік жол жиегіне шығып кеткен. Дәл сол жерде жүрген екі адамды көлік қағып, біреуі оқиға орнында қаза тапты. Әлеуметтік желі қолдаушыларының бірі «саябақта қыдыру қауіпті болды ғой» деп өз ойын білдірсе, екіншісі жол ережесін сақтамайтын жүргізушілерге реніштерін айтты.
«Қыз бала рөлге ие бола алмай қалған. Өзінің айтуынша, ақ түсті «Приорадағы» балалар жол бермей қысқан, содан осындай жағдай болған. Обал болды кыз балаға. Өз қызымдай қыз екен. Қатты қорқып кеткен. Дірілдеп тұр. Өзі аман қалған, дос қызымен бірге. Жол жиегінде кетіп бара жатқан жас жігіт пен жас қызға обал болды. Жігіттің аяғы сынып, жедел жәрдем алып кетті»,- деп жазды әлеуметтік желіге Айнаш есімді тұрғын.
Айта кетейік, оқиға орнында қаза болған қыз 19 жаста болған. Ақтөбе облыстық ІІД әзірге ешқандай ақпарат таратқан жоқ.