Ақтөбеде дәрі-дәрмек бағасын өсірген дәріханаларға айыппұл салынды
19:05, 19 Шілде 2020
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде дәріханаларға айыппұл салынды. Дәрі-дәрмек бағасын өсіргендер әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің
«Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу» бабы бойынша бірнеше компанияға қатысты іс қозғалып, шешім шықты.
«Актюбфармцентр» ЖШС-не 7 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ «Қамқор Компани ЛТД» ЖШС, «Хасан Ойл» ЖШС, «Сарис фарм» ЖШС, «Старченко» ЖК 722 280 теңге әкімшілік айыппұл айыппұл төлейді», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге «Актюбфармцентр« ЖШС, «Лагодич« ЖК қатысты іс әкімшілік сотқа жіберілді.