Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтады. Ол 42 жастағы Абдулла Қоңырбаев болып шықты.

Сот шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция ескертеді: әлеуметтік желілер — бұл қоғамдық кеңістік. Тікелей эфир заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Атырауда TikTok-та балағат сөз айтқан қыздың анасы жауапкершілікке тартылғанын жазған болатынбыз.