Ақтөбеде ертеңнен бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі

Фото: freepik

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Емдеу орындары, мектеп пен балабақшаға жылу бірінші беріледі. Кейін тұрғын үйлер қосылады. 

Ақтөбеде жылу беру маусымына дайындық аяқталып қалды. Жылыту маусымына «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Aqtobe su-energy group» АҚ және «Энергосистема» ЖШС-і жауапты. Қазіргі кезде қаладан бөлек аудандардағы қазандықтарда жөндеу аяқталды, күзгі гидравликалық сынақ жүргізілді.

— Бюджеттік ұйымдарға 20,7 мың тонна көмір және 1,2 мың тонна дизель отыны қажет. Қазір 17 697 тонна көмір (85%), 1 051 тонна дизель (84%) жеткізілді. Халыққа қажетті 19 мың тонна көмірге сұраныс беріліп, тасымалдау тамыз айынан басталды. Бүгінде 6 707 тоннасы тасылды. Тағы 38 вагон (2 660 тонна) жолда. Ал теміржол тұйықтарында 2 400 тонна көмір бар. Алдағы жылыту маусымына дейін толығымен жеткізіледі, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 2100 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 1556-ы «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ның орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. 544 көппәтерлі тұрғын үйде жеке автономды протерн жылыту жүйесі бар және жеке құрылыс компаниялары үй жанына қазандық салған. Қазандықтар тұрғын үй кешендерінің меншігінде.

— Көппәтерлі тұрғын үйлерге 130 қазандық қызмет етеді. Оның 27-і «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ның, 103-і басқарушы органдардың меншігінде. Соның ішінде 97 қазандыққа ағымдағы жөндеу және 6 үйдің жылыту қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар:

Маресьев көшесі № 50Б үй, Молдағұлова даңғылы № 64 үй, Алтын орда ауданы № 9Б үй, Мұстафа Шоқай көшесі № 18 үй, Алтын орда ауданы № 41В үй, Мәңгілік ел көшесі № 7 үйдің 1,2,3,4 корпустары. Сонымен бірге қайта жаңғырту бағдарламасы аясында 548,1 млн теңгеге 6 көппәтерлі үйдің ортақ жылу жүйесіне күрделі жөндеу қарастырылған. Олар 11 шағын ауданы № 52 үй, Рысқұлов көшесі № 4/1 үй, Есет батыр көшесі № 95 үй, Қалдаяқов көшесі № 27 үй, Тургенев көшесі № 98/6 үй, Сәңкәбай батыр даңғылы № 161 үй, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көпқабатты үйлер қазір дайындық паспортын алып жатыр. Жылту таратушы «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ «бір терезе» қағидатын іске қосты.

Айта кетейік, ақтөбеліктерге күн -3 салқындап, қатқақ болатыны туралы хабарлама келді.

Еске салсақ, шілдеді Ақтөбеде кезекті жылыту маусымына дайындық көрсеткіші 40% жетті. Жылпы Ақтөбе қаласында биыл 6 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Оған 890 млн теңге жұмсалады