Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлім қызметшілері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көшеде құлап қалған әйелді құтқарып қалды. Патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Мейрамбек Исмағұлұлы мен патрульшілер Темірлан Қосаев пен Шахбос Мирюнусов дереу жедел жәрдем шақырған.
- Біз жедел жәрдем шақырдық және дәрігерлер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірістік. Көмек көрсеткен кезде әйел өз-өзіне келді, - деді қатардағы жауынгер Мейрамбек Исмағұлов.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер науқастың қан қысымын өлшеп, содан кейін Ақтөбе қаласының ауруханасына жеткізді.