Әнуарбек Қонжар Ақтөбе облысының Алға ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 2015 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған.
Ол еңбек жолын № 3 Алға қазақ орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2003 — 2004 жылдар аралығында Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2004 — 2006 жылдары аралығында Алға ауданы әкімі аппаратындағы ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы болды. 2006 — 2007 жылдары аралығында Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2007 — 2013 жылдары аралығында Алға ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету, сапасының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
Ал 2013 жылы Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2013 — 2016 жылдары аралығында Алға ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып, 2016 — 2020 жылдар аралығында Алға ауданы әкімінің орынбасары болды.
2022 жылдан бастап күні бүгінге дейін Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары болды.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы тағайындалды.