Ақтөбеде иіс тиіп 1 адам қаза тапты, тағы 4-уі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында пештің ақауы салдарынан көмірқышқыл газына уланып 1 адам мерт болды, тағы 4 адам, оның ішінде жаңа туылған нәресте ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Жазатайым оқиға қаңтардың 24-і күні Ырғыз ауданы Ырғыз ауылындағы жекеменшік тұрғын үйде орын алды. Иіс тиіп уланған 19 жастағы қыз тілге келместен жантәсілім етсе, 51 және 26 жастағы азаматшалар мен 9 жастағы және жаңа туылған сәби ауруханаға жеткізілді.