Ақтөбеде индустриялық аймақ құруда жұмыс жүргізіліп жатыр

None
АҚТӨБЕ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде Ақтөбе қаласында индустриялық аймақ құру мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске қатысушылардың сөзіне қарағанда, Ақтөбе облысында индустриялық аймақ үшін барлық жағдай бар. Атап айтқанда табиғи ресурстар, жақсы дамыған көлік жүйесі, технологиялық ауысымдар мен жеткілікті білікті инженерлік-техникалық персонал, жоғары білім деңгейі бар қызметкерлер, ғылыми кадрлар, білім және зерттеу ұйымдары бар. Ақтөбе облысының индустриялық кешені түгел дерлік экономикалық салалармен қамтылған.

 Қазіргі кезде барша өнеркәсіптің көпбейінді құрылымы мен өңірдің әлеуетті мүмкіндіктері нәтижесінде өңірлік индустриялық аймақтың салалық бағыттары металлургия, құрылыс индустриясы мен басқа да өнеркәсіптің қайта өңдеу кәсіпорындары болмақ.

 Ақтөбе қаласында салынатын индустриялық аймақ учаскесінің алдын ала болжанған жалпы аумағы 200 гектар. Қазіргі уақытта «Ақтөбе» аймақтық индустриялық технопарк» АҚ «Ақтөбе облысында индустриялық аймақ құру» жобасының техникалық экономикалық негіздемесі іске асырылуда. Индустриялық аймаққа енгізу үшін инвестициялық жобаларды іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны іріктеу барысында бастамашылардын келіп түскен барлық жобалар қаралатын болады.