Ақтөбеде қала әкімінің шыршасы өтіп жатыр

None
АҚТӨБЕ.ҚазАпарат – Ақтөбедегі жекпе-жек сарайында 350 балаға арналған қала әкімінің шыршасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Мавр Абдуллин балаларды жаңа - 2020 жылмен құттықтап, оларды оқуда үздік болуға шақырды.

«Баршаңызды жаңа - 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Бірінші кезекте сендер жақсы оқуларың керек, өйткені сендер біздің болашағымызсыңдар. Аға буын үлкен үміт артып отыр. Тәуелсіз мемлекеттің негізі – дені сау, білімді, еңбекқор жастар», - деді ол.

Балалар қала әкімнен сыйлықтар алды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы облыс орталығындағы аудандарда да өтіп жатқанын мәлімдеді. Бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі, жетім балалар мен мұқтаж отбасылардың балалары, жалпы 1200 адамды қамту жоспарланған.