Ақтөбеде қаланы ластау фактілері туралы фотосуреттер үшін ақшалай сыйақы белгіленді

None
АҚТӨБЕ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбе әкімдігі «Таза қала өзіңнен басталады» акциясын жалғастыруда.

Қаланың санитарлық тазалығын бұзу фактілерін суретке түсіріп алған белсенді және сақ тұрғындарға 5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін сыйақы берілетін болады.

Тұрғындар ластау фактілері жайында суреттер мен ақпараттарды қала әкімдігінің сайтына жібере алады. Әрі қарай бұзушыларға қатысты жедел шаралар қабылданатын болады, деп хабарланды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Осыйлайша бірнеше айдың ішінде тұрғындардың белсенділігі арқасында аз емес бұзушылар анықталып, айыппұл салынды.

Қала аумағын ластаған адамдарды көрген куәгерлер бұл фактіні - суреттер мен ақпаратты infoakimat@ok.kz сайтына жіберулерін сұрайды. Қала тұрғындары акцияның қорытындысы бойынша ақшалай сыйлыққа  10 сурет үшін -  20 мың теңге, 7 суретке - 10 мың теңге, 5 сурет үшін - 5 мың теңге мөлшерінде қаражатқа ие болады.