Ақтөбеде қазақша күрестен республикалық кубог бәсекесі аяқталды
Қыркүйектің 10-12-сі аралығында өткен республикалық жарыста еліміздің барлық облыстары командалары қатысты. Алғашқы күнгі командалық жарыстардан соң, жекелей белдесулер болды. Облыстық командалар жарысы бойынша:
1-орынды Оңт. Қазақстан облысы;
2-орынды Қостанай облысы;
3-орынды Қызылорда облысы иеленді.
Жарыстың қалған екі күні өткен жекелей белдесулердің де республикалық чемпиондары анықталды. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
54 кг. Раисов Б. Қызылорда облысы;
60 кг. Келдіқұлов Ғ. Алматы қаласы;
66 кг. Жұмажан Н. Алматы облысы;
74 кг. Қисықов Б. Ақтөбе облысы;
82 кг. Шамшиев С. Батыс Қазақстан облысы;
90 кг. Қажымұқан М. Шығыс Қазақстан облысы;
+90 кг. Салықбаев К. Шығыс Қазақстан облысы.
Жарыстың түйе палуаны атағын шығыс қазақстандық Нұғыманов А. жеңіп алды. Ал Алматы қаласы бұл байрақты додада 60 келіде 1 алтын, 1 күміс және 74 келі салмақта 1 күміс олжалады.