Ақтөбеде кепілде болған әйелдің жағдайы белгілі болды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбеде түнде кепілде болып, босатылған 40 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер пышақ жарақаты болмағанын хабарлады.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Кепілде болған үш адамның екеуі түнде ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 1950 жылғы ер адам. Ол ес-түссіз күйінде әкелінген. Дәрігерлер науқасқа 40 минут бойы реанимация жасады. Алайда адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Ал 40 жастағы әйелдің жағдайы қазір орташа ауыр. 

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

- Кеше ауруханаға екі науқасты алып келді. Бірі ес-түссіз жеткізілді. 1984 жылғы әйел адамның басынан, денесінен жарақат алған. Таңға дейін ем алды. Қазір жағдайы орташа тұрақты. Қан қысымы тұрақты. Бүгін палатаға аударамыз, - деді Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Еске салсақ, Ақтөбеде түнде кепілде болған үш адамның екеуі көз жұмды. Біреуі ауруханада жатыр.