Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 16:30–да тіркелді. Өрт қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жаңа аумағында тұтанды.
— Түтінді басу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Арнайы техникалардың көмегімен өрт ошағын топырақпен көміп жатыр. Өртті сөндіру және салдарын жою жұмыстарына 10 өрт сөндіру машинасы, 15 су тасымалдайтын көлік, сондай-ақ 20 ауыр жүк көлігі, 7 жүк тиегіш, 1 экскаватор және 2 бульдозер жұмылдырылды, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрт Ақтөбенің қоқыс полигонында жыл сайын тіркеледі. Мамыр айында өрт полигонның жаңа бөлігіндегі 18 картаның екеуінде болды.