Ақтөбеде қоқыс полигонынан шақалақ табылды

Фото:
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында қоқыс полигонынан пакетке салынған шақалақ табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 23 қазан күні тіркелген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Қарғалы ауданы Бадамша ауылы маңындағы «Рождество-Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны анықталды.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.






Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото