Будақтаған қара түтін Есет батыр тұрғын алабындағы 9 қабатты үйдің жетінші қабатынан шыққаны анықталды.
– Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы 15 адамды эвакуациялады. Оның 4-еуі бала. Зардап шеккендер жоқ. Қазір балконнан шыққан өрттің тұтану себебі анықталып жатыр. Тілсіз жау 19 минут ішінде сөндірілді, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бүгін түнде Мәртөк ауданы Достық ауылында жер үй жанып кетті. Онда ерлі-зайыпты зейнеткердің денесі табылды. Мұндағы өрттің ауданы 90 шаршы метр болды.