Сейсенбі, 7 тамыз күні Ақтөбеде Шәйкенов көшесі бойынша орналасқан 11-ші шағынаудандағы 5 қабатты үйдің шатыры өртене бастады. Өрт аумағы 800 шаршы метрді құрады. 70 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 8-і - балалар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 50 адамы мен 9 техникасы, ҚР ТЖМ «Ақтөбе қалалық жедел құтқару жасағы» ММ 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Медициналық апаттар орталығының» 4 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.