Ақтөбеде құлаққалқан киген бойжеткенді жүк пойызы қағып кетті

None
АҚТӨБЕ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтөбе стансасында жүк пойызы бойжеткенді қағып кетті. Темір жолдан құлаққалқан киіп, ән тыңдай өткен ол жақындап келе жатқан пойызды байқамаған.

Оқиға темір жолдың 1788-ші шақырымында орын алды.

 Ақтөбе жолдар қашықтығының еңбекті қорғау жетекші инженері Наталья Королеваның хабарлауынша, машинист жедел тежеуге әрекеттенген, бірақ қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкін болмады.

Есімі анықталмаған жәбірленуші басының ашық бас сүйек-ми жарақатымен теміржол ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда, есін жинамаған бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.